Қызылордада 240 мегаваттық бу-газ қондырғысының құрылысы аяқталуға жақын

88

Жаңа буынды станция құрылысы түркиялық AKSA ENERGY компаниясының жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылып жатыр. 

Қызылордада 240 мегаваттық бу-газ қондырғысының құрылысы аяқталуға жақын Фото: Энергетика министрлігі

Жылыту маусымының өту барысын бақылау шеңберінде Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Қызылордада салынып жатқан қуаты 240 МВт бу-газ электр станциясының құрылысымен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жобаны іске асыру өңірдің электр және жылу энергиясына деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Вице-министр газ турбиналары корпусының жұмысымен танысты. Онда қазір іске қосу-баптау жұмыстары қолға алынды. Сондай-ақ ол 220 киловольттық ашық тарату құрылғысын және басқару қалқанын қарап шықты. 

Облыс әкімдігімен және инвесторлармен бірлесіп, нысанды пайдалануға беру және электр мен жылу энергиясын өндіру мәселелері талқыланды. Аумақтық департаментке жылыту маусымының өтуін тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды. 

Жалпы, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту аясында Энергетика министрлігі заманауи жылу электр станциялары мен бу-газ қондырғыларын салу бойынша кешенді шараларды жүзеге асырып жатыр. Бұл нысандарда экологиялық талаптарға сай, қоршаған ортаға әсерді барынша азайтатын озық технологиялар қолданылады. 

Екібастұз ГРЭС-3 және Курчатов қаласындағы жылу электр станциясы құрылысы жоспарланған. Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында салынатын жаңа жылу электр орталықтарында түтін газдарын сүзудің заманауи жүйелері, ауыр металдарды ұстау жүйелері қолданылады. Бұдан бөлек, Астана мен Шымкент қалаларында бу-газ қондырғыларын салуға арналған аукцион өткізу жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу