Қызылордада айлығын ала алмай жүрген аурухана қызметкерлерінің құқығы қорғалды

127

Бұл туралы Қызылорда облысының прокуратурасы мәлім етті. 

Қызылордада айлығын ала алмай жүрген аурухана қызметкерлерінің құқығы қорғалды Фото: inbusiness.kz

Қызылорда облысы Арал ауданында мониторинг барысында бірқатар азаматтардың жалақысын ала алмай отырғаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мақсатында мониторинг жүргізу барысында Арал аудандық көп бейінді орталық ауруханасы ШЖҚ КМК-ы ағымдағы жылдың маусым айына 623 қызметкерге 109 420 181 теңге жалақыға қарыз екендігі анықталды", – делінген хабарламада.

Нәтижесінде 16.07.2025ж. ауруханаға заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді.

Прокуратура араласқаннан кейін 623 қызметкерге берешек жалақы толық өтеліп, олардың конституциялық құқықтары қорғалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу