Қызылордада алаяқтарға алдана жаздаған тұрғынның 16 млн теңгесі сақталды

144

Тұрғын өзі мен әйелінің атына несие рәсімдеген.

Қызылордада алаяқтарға алдана жаздаған тұрғынның 16 млн теңгесі сақталды Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында киберполиция қызметкерлері интернет-алаяқтардың арбауына түскен тұрғынның 16 млн теңгесін сақтап қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Белгісіз адамдар азаматқа телефон шалып, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырған. Олар психологиялық қысым көрсетіп, ақшасын "қауіпсіз есепшотқа" аударуға көндірмек болған.

Алаяқтардың сөзіне сенген тұрғын өзі мен әйелінің атына бірнеше банктен жалпы сомасы 16 млн теңге несие рәсімдеген. Кейін қаскөйлер оны қаражатты өздері көрсеткен шоттарға аударуға үгіттеген.

Алайда күмәнданған азамат полицияға хабарласқан. Киберполиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, ақшаның алаяқтардың қолына түсуіне жол бермеді.

Полиция тұрғындарды бейтаныс адамдардың телефон арқылы берген нұсқауларын орындамауға, күмәнді қоңырау түскен жағдайда әңгімені тоқтатып, банкке хабарласуға шақырады. Алаяқтық әрекетке тап болған жағдайда 102 нөміріне қоңырау шалу қажет. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу