Қызылордада аурухана балконынан құлаған 61 жастағы әйел көз жұмды

738

Бүгінгі таңда бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Қызылордада аурухана балконынан құлаған 61 жастағы әйел көз жұмды Фото: pexels

Қызылорда қаласындағы медицина мекемелерінің бірінде пациент төртінші қабаттың балконынан құлап, қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz. 

61 жастағы әйел 6 тамыз күні белгісіз жағдайда балконнан құлап кеткен. 

Қалалық полиция департаменті әйелдің қайтыс болғанын растады. 

"Қылмыстық Кодекстің 105-бабының 1-бөлігі "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша қылмыстық іс тіркелді, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу