Қызылордада ауыл кәсіпкерлерінің 143 жобасы мақұлданды

1184

Қолдау тапқан кәсіп түрлері негізінен мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, балық өсіруге  қатысты.

Қызылордада ауыл кәсіпкерлерінің 143 жобасы мақұлданды

Сыр өңірінде әдетте банк қызығушылық таныта қоймайтын жобаларға жергілікті билік тарапынан қолдау күшейді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова осындай ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бір жыл ішінде ауылдағы кәсіпкерлердің 143 жобасын мақұлданды. Қолдау тапқан кәсіп түрлері негізінен мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, балық өсіру және қызмет көрсету саласына бағытталған. Ерекше айта кететіні, Сыр елінде 5 жылдан бері кәсіпкерлерді демеуге арналған "Қызылорда" өңірлік инвестиция орталығы жұмыс істеуде. Осы кезге дейін 2000-ға жуық кәсіпкерлік жобаларға 8 млрд теңгеден астам қаржыға несие берілды. Бұл ретте Қызылорда облысында 2021 жылдың 5 айында кәсіпкерлік субьектілерінің саны 7,3 %-ға артты", – деді облыс басшысы халыққа есеп беру кездесуінде.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу