Қызылордада автомобиль және смартфонға қажет шыныларды шығару жоспарланды

675

Ірі кәсіпорындардың айналасында шағын және орта бизнес белдеуі құрылады. 

Қызылордада автомобиль және смартфонға қажет шыныларды шығару жоспарланды

Мұның арқасында бұрын импортталып келген тауарларды өзімізде шығара бастаймыз. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесе отырып, "Орда-Glass" ЖШС шыны зауыты базасында  автомобиль шынылары, шыны талшықтары, шыныдан жасалған ыдыстар, ыдыс-аяқ, терезе шынылары мен смартфондарға арналған жұқа шынылар өндіретін шағын зауыттар сала отырып, шыныдан дайындалатын бұйымдар өндірісін пысықтай бастадық", – дейді Өскенбаев.

Оның айтуына қарағанда, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен жаңа жобаларға да қатысты осындай тәсілдер қолданылады. 

"Ірі жүйе құраушы кәсіпорындарды қолдау, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлерге инфрақұрылым ұсыну есебінен, бұрын импортталған тауарлар оқшауланатын болады", – дейді Өскенбаев. 

2021 жылдың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылар мен кәсіпорындардың 4 трлн теңге көлеміндегі тауарлары сатып алынған, оның ішінде импорт көлемі 2,9 трлн теңге болған.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу