Қызылордада балабақшадан өрт шығып, 88 бала эвакуацияланды

112

Зардап шеккендер жоқ.

Қызылордада балабақшадан өрт шығып, 88 бала эвакуацияланды Фото: Бейнежазбадан

Қызылорда қаласында Отырар көшесінде екі қабатты балабақша ғимаратынан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

13 сәуірде Қызылорда қаласы Отырар көшесі 3А мекенжайында орналасқан ауданы 244 шаршы метр болатын екіқабатты "Ақбілек" орта балабақшасының жертөлесінде ауданы 28 шаршы метр бөлме өртенді. Өрт сағат 12:04-те оқшауланып, 12:11-де толық сөндірілді.

"Келгенге дейін 93 адам, оның ішінде 85 бала өз бетінше эвакуацияланған. ТЖМ күштерімен 5 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды. Зардап шеккендер жоқ. Оның шығу тегі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге  ТЖД 35 қызметкері, 12 техника жұмылдырылды", – деді Қызылорда облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Жасұлан Түйменов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу