Қызылордада бір аптада 5 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

299

Мас күйде көлік жүргізудің 26 дерегі тіркелді.  

Қызылордада бір аптада 5 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды Фото: offside.kz

Қызылорда облысында "Заң және тәртіп" қағидатын нығайту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Рейд барысында вандализмнің алдын алу, қоршаған ортаның тазалығын сақтау, түнгі заңсыз жарыстардың жолын кесу және жол ережесін өрескел бұзатын жүргізушілерді анықтауға басымдық берілді.

Апта ішінде облыс аумағында 5 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Атап айтқанда, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланудың 1069, көлікті мас күйде басқарудың 26 дерегі анықталды. Сондай-ақ жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдігі мен мотошлемді пайдалану талаптарын бұзудың 1620 дерегі және қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзудың 18 жағдайы тіркелді. 

Полиция түнгі уақытта жоғары жылдамдықпен жүріп, жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретін жүргізушілерді де бақылауда ұстап отыр.

Құқық бұзушылықтарды анықтау үшін полиция қызметкерлері цифрлық технологиялар мен бейнебақылау жүйелерін пайдаланып, олардың жолын кесу және қайталануына жол бермеу бойынша шаралар қабылдауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу