Қызылордада бір аптада мас күйде көлік жүргізген 11 адам ұсталды

318

Жүргізуші рейд кезінде анықталды.

Қызылордада бір аптада мас күйде көлік жүргізген 11 адам ұсталды Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында бір апта ішінде мас күйде көлік басқарған 11 жүргізуші анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олар полиция қызметкерлері өткізген рейдтік шаралар барысында қолға түскен.

Полицияның мәліметінше, профилактикалық және түсіндіру жұмыстарына қарамастан, кейбір жүргізушілер әлі де ішімдік ішкен күйде көлік тізгініне отырады. Мұндай әрекет тек жүргізушінің өзіне ғана емес, айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына да қауіп төндіреді.

Осыған байланысты полиция жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және мас күйде көлік басқармауға шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу