Қызылордада бүлдіршінді ит талап тастай жаздады

156

Әлеуметтік желіде Қызылорда қаласында кішкентай баланы ит талай жаздаған бейнежазба тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қызылордада бүлдіршінді ит талап тастай жаздады Фото: Қазалы

Видеодан баланы қараусыз жүрген иттің қапқаны, сол кезде егде жастағы кісінің қорғап қалғанын байқауға болады. 

Бұл туралы облыстық полиция департаменті түсініктеме берді. 

"Аталған жарияланым бойынша қалалық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары тексеру жұмысын жүргізіп жатыр. Ит иесі анықталған жағдайда үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 407-2 бабының 1-бөлігі 4-тармағы бойынша әкімшілік шара қолданылады", – делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу