Қызылордада екі автобус соқтығысты

507

3 жолаушы ауруханаға жеткізілді.  

Қызылордада екі автобус соқтығысты Фото: polisia.kz

Қызылордада мектептің маңында екі қоғамдық көлік соқтығысып, 3 жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін сағат 08:00-де Қызылорда қаласындағы сол жағалауда орналасқан Orda School мектебінің жанында Yutong үлгісіндегі 2 қоғамдық көлік соқтығысып қалды. Салдарынан 3 жолаушы ауруханаға барып қаралған.

Жол-көлік оқиғасының орны рәсімделіп, тиісті құжаттар жинақталып, сараптамалар тағайындалды.

Еске сала кетсек, бүгін таңертең Алматыда да екі автобус соқтығысып, жол апатынан 5 адам зардап шеккен болатын. Оның ішінде - үш адам бас жарақаты, желке аймағының жұмсақ тіндерінің соғылуы диагнозымен Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына, екеуі Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Екі науқас тексеруден кейін амбулаторлық бақылауға жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу