Қызылордада ет консервілеу зауыты салынбақ

1162

Қызылордада ет консервілеу зауыты салынбақ

Қызылорда облысы Қазалы ауданында ет консервілеу зауытын салу жоспарлануда. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Қазір ет кластері бойынша дайындық жұмысы қызу жүргізілуде. Аймақта "Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту" бағдарламасы аясында ауқымды шаралар іске асырылуда. Қазалы ауданындағы "Сыр Маржаны" ЖШС-нің 500 басқа арналып салынған МІҚ малын бордақылау алаңында жыл басынан бері 200-ден астам сиыр бордақыланып, оның 100-і сойып, сатылды. Бүгінгі күні алаңның қуаттылығын 3000 басқа ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар алаң жанынан ет консервілеу зауытын ашу жоспарланып, ет кластерін жасау үшін дайындық жұмыстары басталды. РФ Астрахань қаласының әкімшілігімен 20 тонна ет өнімін экспортқа шығару жөнінде меморандум жасау бойынша келіссөздер жүргізілуде. Мал шаруашылығының дамуына дем берген "Сыбаға" бағдарламасы аясында осы жылы 262 бас аналық сиыр мен 9 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу