Қызылордада газ жеткізуші ірі компанияға 18,3 млн теңге айыппұл салынды

118

QazaqGazAimaq АҚ Қызылорда өндірістік филиалы табиғи монополиялар туралы заңнама талабын бұзғаны үшін қосымша 18,3 млн теңге айыппұл арқалады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қызылордада газ жеткізуші ірі компанияға 18,3 млн теңге айыппұл салынды Фото: canva.com

Табиғи монополияларды реттеу комитеті филиал қызметінде анықталған заңбұзушылықтар туралы ақпарат жариялады. Атап айтқанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерге қосылу үшін техникалық шарт беру кезінде филиал тұтынушылардан заңнамада көзделмеген қосымша талаптар қойып, құжаттар талап еткен.

Ал бұл тұтынушылардың құқықтарына және заң нормаларына қайшы. Департамент пен филиал арасындағы сот процесі аяқталғаннан кейін филиалдың кінәсі толық дәлелденді. 

QazaqGazAimaq өкілдігіне бұған дейін де 61,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Енді жалпы әкімшілік айыппұл сомасы 79,6 млн теңгеге жетіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу