banner

Қызылордада ит-мысыққа арналған орын ашылды

2547

Бұл жерде иттерге арналған 107 валер, мысықтарға арналған 53 клетка бар.  

Қызылордада ит-мысыққа арналған орын ашылды

Қызылорда облысында алғаш рет иттер мен мысықтарға арналған уақытша баспана ашылды. Зообақтай жайлы әрі қауіпсіз мекенге айналған арнайы орын Байқоңыр қалалық әкімшілігінің көмегімен жұмыс істеуде. Көше кезген бұралқы немесе иесінен ажырап қалған хайуандар енді ветеринарлық бақылаудан өтіп, арнайы орында 21 күн бойы бақылауда болады. Содан кейін олардың құлағына белгі салынып, есепке алынады. Осы уақыт аралығында волонтерлар әлеуметтік желілер арқылы жаңа иелерін іздестіреді. Осылайша қамқорлық танытып жүрген мамандар, бұл әдіс арқылы бұралқы ит пен мысықтың санын азайтып айналаға тиер қауіпті сейілтуде. Бүгінде орталықтың жүктемесі 60 пайызды құрап отыр. Дегенмен бұл көрсеткіш күнделікті өзгеріп отырады екен.

 "Бұл жерде иттерге арналған 107 валер, мысықтарға арналған 53 клетка бар. Бұл баспананың шығыны да, мақұлықтарға қарайтын қызметкерлердің айлығы да бюджеттен қарастырылған. Хайуандарға қажетті барлық жағдай жасалған. Тамағы, суы, медициналық көмегі, операционный блогы да осы жерде", - дейді Байқоңыр қалалық "Тұрғын үй шаруашылығы" мекемесі директорының орынбасары Адайбек Ереков.

Бұдан бөлек іс-сапармен немесе уақытша басқа жаққа кеткен тұрғындарда үй жануарларын осы жерде қалдыру мүмкіндігі бар. Бұл ретте қонақ үй сияқты. Әсіресе ресейлік азаматтар кезекті демалысқа шыққанда, үйіндегі мақұлықтарын осы жерге орналасатырып кетеді екен.

"Қала тұрғындары алыс жолға шыққанда ит-мысығын осында қалдырып кетеді. Кейбіреулері тамағында әкеледі. Болмаса осындағы тамақпен, медициналық көмекпен иесі келгенше қамтамасыз етіледі", - деді Адайбек Ереков.

 Ал ит-мысыққа бей-жай қарамайтын волонтерлар болса осындағы мақұлықтардың суреттерін жарнамалап отырады. Тұрғындар болса ұнағанын алып кетіп жатады екен.                              

Нұрбек Дәуренбеков

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу