Қызылордада "Қауіпсіз жол" кезінде 1200 құқық бұзушылық анықталды

109

Мас күйінде көлік жүргізген 8 адам анықталды.  

Қызылордада "Қауіпсіз жол" кезінде 1200 құқық бұзушылық анықталды Фото: sputnik.kz

Қызылорда облысында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жол қозғалысы саласында 1200 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция 361 жүргізушінің қауіпсіздік белдігін тақпағанын немесе жолаушыларды тасымалдау талаптарын бұзғанын анықтады. Сондай-ақ көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланудың – 113, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген көліктердің – 81, жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бұзудың 98 дерегі тіркелді.

Бұдан бөлек, көлікті мас күйінде басқарудың 8, жүргізуші куәлігі жоқ адамдардың көлік басқаруының 59, көлік жүргізу құқығынан айырылғандардың қайта көлік басқаруының 8 дерегі анықталды.

Іс-шара нәтижесінде 91 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылып, тағы 206 көліктің мемлекеттік нөмірлік белгілері алынды.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу