Қызылордада керамика өндірісін дамыту қолға алынбақ

843

Қызылордада керамика өндірісін дамыту қолға алынбақ

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Түркия елінің "Yildizlar SSS Holding" компаниясының басшысы Себахаттин Иылдызды қабылдады. Кездесуде бірқатар мәселелер бойынша бірлесіп қызмет етудің жолдары қаралды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Қазіргі таңда өңірдегі электр энергиясының тапшылығы шамамен 200 Мвт-ты құрайды. Соған сәйкес, газтурбиналық электр станциясын салу қажеттігі туындап отыр.

Облыс әкімі түркиялық компания басшысымен кездесуде аталған мәселені де сөз етті. Құрылыс жұмыстары үшін барлық қолайлы жағдай жасалатынын жеткізді. Сондай-ақ, аймақта керамика өндірісін дамыту да назарға алынды.

Елімізде керамикалық плита шығаруға қажетті шикізаттың 90 пайызы бар. Қазіргі таңда ішкі нарыққа қажетті 22-24 млн шаршы метр өнімнің тек 2 млн-нын ғана шығарудамыз. Қалған 90 пайызға жуығы сырттан әкелінеді. Сондықтан, аталған кәсіпорынды салу еліміз үшін де пайдалы болмақ. Егер жоба іске асса, 500 жаңа жұмыс орны ашылады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу