Қызылорда қаласында бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық орынды ластау дерегі анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың жолын кесіп, азаматты полиция бөліміне жеткізді.
Темекі тұқылын тастап, қоғамдық орынды ластаған 19 жастағы қала тұрғынына құқықтық баға берілді. Сот шешімімен оған айыппұл салынды.
Құқық бұзушылықтың салдары жойылып, ластанған аумақ тазартылды.
Полиция қоғамдық орындарда тазалық сақтап, қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттігін ескертті. Қоғамдық тәртіп пен тазалық талаптарының сақталуы тұрақты бақылауда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу