19 желтоқсанға қараған түні Қызылорда қаласы Батырбаев көшесі бойындағы бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабаттағы пәтерінде тұрмыстық заттар өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ТЖМ күштері 40 адамды, оның ішінде 13 баланы, автосатының көмегімен тағы 3 бала эвакуациялады.
"Медицина және апаттар орталығының қызметкерлері және жедел жәрдем бригадасы тұрғындарға көмек көрсетті. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу