Қызылордада көршісі баланың көзінше оның анасы мен әжесін өлтірді деген күдікке ілінді

338

Бұл туралы Қызылорда облыстық Полиция департаменті хабарлады.  

Қызылордада көршісі баланың көзінше оның анасы мен әжесін өлтірді деген күдікке ілінді Фото: Видеодан скриншот

8 қаңтарға қараған түні Қызылорда қаласында қала тұрғыны мен оның 34 жастағы қызын пышақтаған. Қайғылы оқиға салдарынан екі адам да қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға туралы полицияға марқұмдардың көршілері хабар берген. Шақырту бойынша жедел жеткен патрульдік полиция экипажы күдіктіні қылмыс орнында ұстаған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында", – делінген ресми хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу