Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы Ақжар ауылынан 10 шақырым қашықтықта Қырғызстан-Ресей бағытында қатынайтын рейстік автобус жүк көлігімен соқтығысқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Көлік техникалық ақауға байланысты қозғалысын жалғастыра алмады.
– Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар автобус ішінде Қырғызстанның 47 азаматы бар екенін анықтады. Оның біреуі – бала. Қызметкерлер барлығын эвакуациялап, жақын маңдағы жылыту пунктіне жеткізді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, – делінген хабарламада.
Аталған ведомство төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласуды ескертті.
Айта кетейік, Қызылорда облысында кешенді профилактикалық іс-шаралардың күшейгеніне қарамастан өткен жылы жол-көлік оқиғаларының саны 47,9% (978-ден 1446-ға) өсті.