Қызылордада қырым-қанды безгегін жұқтырған науқас қайтыс болды

952

Қызылордада қырым-қанды безгегін жұқтырған науқас қайтыс болды

Қызылорда облысында 64 жастағы Ақарық ауылының тұрғыны қырым-қанды қанды безгегін жұқтырды деген күдікпен Жалағаш аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған болатын. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА хабарлайды.

Бұған дейін дәрігерлер ер азаматтың жағдайы нашар екенін айтқан болатын. Басқарманың баспасөз қызметі өкілінің дерегінше, науқасты екі мәрте тексеру нәтижелері "Қырым-қанды" безгегін растаған. Дегенмен ауыр халде ауруханаға жеткізілген азамат қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу