Қызылордада пәтердегі өрттен 2 адам эвакуацияланды

307

Құтқарушылар тұрғын үйдегі өртті шағын аумақта жедел сөндірді.  

Қызылордада пәтердегі өрттен 2 адам эвакуацияланды Фото: Бейнежазбадан

Қызылорда қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінен өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға туралы ақпарат 112 пультіне Қазантәев көшесіндегі үйден түскен.

Төтенше жағдай орнына келген ТЖМ қызметкерлері пәтерде тұрмыстық заттар мен терезе құрылымының жанғанын анықтады.

Құтқарушылар тұрғын үйден екі адамды эвакуациялап, өртті шағын аумақта жедел сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу