Қызылордада сенделіп жүрген жастар көп

1455

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2019 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысымен 4,2% құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,1%-ке төмендеді.

Қызылордада сенделіп жүрген жастар көп

Қызылорда облысында не жұмысы, не оқуы жоқ жастардың саны 8,3% құрап отыр. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов, өңірдегі 176746 жастың 101100-і экономикалық белсенді азамат дейді. Оның 4200-ы жұмыссыз ретінде тіркелген.

"Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2019 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысымен 4,2% құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,1%-ке төмендеді. Сондай-ақ, NEET санатына жататын, яғни жұмыста немесе оқуда жоқ жастардың деңгейі 8,3% құрап, Қарағанды, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Шымкент қаласынан кейінгі сатыда тұр", – деді басқарма басшысы.

Айта кетер жайт, аталған облыстар мен Шымкент қаласымен салыстыруға келмейтін халқы шағын Қызылорда облысы үшін бос жүрген жастардың бұл көрсеткіші жұмыссыздық деңгейін өсіре түседі.

Нұрбек Дәуренбеков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу