Қызылордада шегіртке егістікке қауіп төндіруде

715

Қызылордада шегіртке егістікке қауіп төндіруде

Қызылорда облысының Қазалы ауданында 12 мың гектарға жуық жерге италиялық прус шегірткесі қаптады, деп хабарлайды 24.kz.

Азық талғамайтын жәндіктер негізінен құмды аймақтарда көп. Бүгінде өңірде аталған зиянкестерге қарсы жаппай улау жұмыстары жүріп жатыр. Қазір Қазалы өңірінде қаптаған шегірткенің көзін жоюға 4 арнайы техника мен 1 дельтаплан тартылған. Енді 10 күннен кейін азиялық шегірткеге қарсы химиялық дәрілеу жұмыстары басталады. Жалпы облыс бойынша өткен жылы 161 мың гектар жер залалсыздандырылса, биыл бұл көлем 8 мың гектарға азайтылып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу