Қызылордада сотталған әйел жетінші баласын босанды

448

Осы күні ана мен баланың денсаулығы өте жақсы, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

 Қызылордада сотталған әйел жетінші баласын босанды Фото: Қызылорда тергеу изоляторы

34 жастағы әйел Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша жазасын өтеп жатыр.

Еске салайық, Қазақстан Республикасының заңы жас аналарды қамауда да баласынан ажыратпауға рұқсат береді, осыған байланысты мекеме әкімшілігі алғашқы кезекте сотталғанды сәбиімен бірге жайлы бөлмеге орналастырып, нәрестені тиісті түрде бағуына жағдай жасайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы №1255 қаулысына сәйкес, аяғы ауыр әйелге арнайы бекітілген норма бойынша ас-су тағамы дайындалған.

Жазасын өтеп жатқан сотталғандардың медициналық көмек алуға да толықтай құқығы бар. Бұған дейін аяғы ауыр С. есімді азаматша акушер-гинекологтың тікелей бақылауында болған.

Босанған әйелдің айтуы бойынша, дүниеге келген ұл бала – отбасындағы жетінші перзенті. Өзге балалары – күйеуі мен туыстарының қарауында.

Мекеме қызметкерлері де балаға арналған төсек-орын жабдықтарымен, қажетті азық-түлікпен және киім-кешек, жаялықтармен қамтамасыз етіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу