Қызылордада сыныптастары жезөкшелікке мәжбүрлеген оқушының анасына айыппұл салынды

230

Істі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі Қызылорда облыстық мамандандырылған ауданаралық соты қарады.  

Қызылордада сыныптастары жезөкшелікке мәжбүрлеген оқушының анасына айыппұл салынды Фото: vesiskitim.ru

Қызылордада сыныптастарының 16 жастағы қызды сексуалды құлдықта ұстауына байланысты оқиғадағы жәбірленушінің анасы әкімшілік жазаға тартылды, деп жазады inbusiness.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

– Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, яғни кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін кәмелетке толмаған жәбірленушінің ата-анасына қатысты әкімшілік іс қаралып, оған айыппұл салу жазасы тағайындалды, – делінген хабарламада.

Соттың мәліметінше, жәбірленушінің анасы тағайындалған айыппұл сомасын 30%-ға қысқартылған түрде, яғни 7 АЕК (27 524 теңге) көлемінде төлеуі тиіс. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, 2024 жылы Қызылордада бір топ жасөспірім 16 жастағы қызды қинап ұстаған. 

Сыныптасын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 8 оқушы күдікке ілініп, cот шешімі шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу