Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханада 3 науқасқа бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды.
Алғашқы трансплантация 41 жастағы әйел адамға жасалды. Реципиенттің ағасы донор болып, бүйрегін берді.
Екінші трансплантация 20 жастағы жігітке жасалды. Бұл жағдайда донор ретінде науқастың 54 жастағы анасы қатысты.
Ал үшінші ота 43 жастағы әйел адамға жасалды. Науқастың жұбайы донор болып, бүйрегін берді.
"Трансплантацияны Қызылорда облыстық көпбейінді облыстық ауруханасының дәрігерлері бірлесіп жасады. Ота сәтті өтті. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы орташа ауыр, тиісті ем қабылдап жатыр", – деп жазды Денсаулық сақтау министрлігі.