Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оның 99 623-і, яғни 57,1 пайызы жол-көлік оқиғаларына тікелей әсер ететін өрескел құқықбұзушылықтарға жатады.
Алты айдың қорытындысы бойынша өңірде жол апаттарының саны 6,4 пайызға, қаза тапқандар 2 пайызға, жарақат алғандар 7,5 пайызға азайған.
Полиция дерегінше, ең көп тіркелген заңбұзушылықтардың қатарында жылдамдықты шамадан тыс арттыру бар – 69 993 жағдай.
Сонымен қатар ұялы телефон қолданудың 5907, жаяу жүргіншіге жол бермеудің 5505, мас күйде көлік басқарудың 425 және қарсы бағытқа шығудың 194 дерегі анықталған.
Жол қозғалысы ережесін бұзғандарға жалпы көлемі шамамен 2 млрд 822 млн теңге айыппұл салынған. Оның 2 млрд 468,5 млн теңгеден астамы жол қауіпсіздігі саласындағы құқықбұзушылықтарға тиесілі.
Қазіргі таңда бұл соманың 83,3 пайызы өндірілген.