Қызылордада жол ережесін бұзған 1000-нан астам жүргізуші анықталды

405

Түнгі заңсыз жарыстардың жолын кесуге басымдық берілді.  

Қызылордада жол ережесін бұзған 1000-нан астам жүргізуші анықталды Фото: baq.kz

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері рейдтік-профилактикалық іс-шаралар өткізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Рейд барысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзатын жүргізушілерді анықтауға және түнгі заңсыз жарыстардың жолын кесуге басымдық берілді.

Атап айтқанда, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланудың 237 дерегі анықталды. Сонымен қатар көлікті мас күйде басқарудың 9, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдігі мен мотошлемді пайдалану талаптарын бұзудың 749 дерегі тіркелді.

Бұдан бөлек, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзудың 28 жағдайы анықталды.

Полиция түнгі уақытта жоғары жылдамдықпен қозғалып, басқа жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретін жүргізушілерді де бақылауда ұстап отыр.

Анықталған әрбір құқық бұзушылық бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу