Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, іс-шара барысында 305 құқық бұзу дерегі тіркелді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Оның ішінде міндетті сақтандыру туралы заңнама талабын бұзудың 26, жолаушылар тасымалдау қағидаларын бұзудың 62 дерегі анықталды. 30 көлік міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген болса, 132 жағдайда артық жолаушы немесе балаларды ұстау құрылғысынсыз алып жүрген. 14 адам көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, ал 1 адам көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан темір тұлпар тізгіндеген. Заң талабын бұзғандарға қатысты әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, 28 көлік айыппұл тұрағына жіберілді, 23 мемлекеттік белгі тәркіленді", – делінген хабарламада.
11 тамыз күні Шиелі ауданында полиция қызметкерлері бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен автокөлікті тоқтатып тексергенде ішінде балалар бар болып шықты. Автокөлік балабақшаға тиесілі екен, ал бүлдіршіндер сонымен балабақшаға бара жатқан.