Қызылордада жылу компаниясы тұтынушылардан 203 млн теңге негізсіз алған

1105

Қызылордада жылу тарифі төмендетілді, деп хабарлайды inbusines.kz.  

Қызылордада жылу компаниясы тұтынушылардан 203 млн теңге негізсіз алған

"Қызылордажылуэлектрорталығы" компаниясының 2020 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасының орындалуына мамандар талдау жүргізіп көріпті. ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті талдау барысында тарифтік сметалардың орындау талабының сақталмағанын анықтады. Қайта қаржыландыру ставкасын қоса есептегендегі "Қызылордажылуэлектроорталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының                жылумен жабдықтау қызметі бойынша негізсіз алынған табысының жалпы сомасы 203 220 220 теңгені құраған.

"Осылайша, департамент "Қызылордажылуэлектрорталығы" МКК-ның жылумен жабдықтау қызметіне 1 Гкалға ҚҚС-сыз енгізілу және қолдану мерзімі  2021 жылдың 1 қыркүйегінен 2021 жылдың 31 желтоқсан аралығына 4691,70 теңге мөлшерінде немесе орташа босату тарифінен 8,3 пайызға және 2022 жылдың 1 қаңтарынан 2022 жылдың 31 тамыз аралығына орташа босату тарифі 5603,69 теңге мөлшерінде немесе қолданыстағы орташа босату тарифпен салыстырғанда 7,0 пайызға төмендетіліп уақытша өтемдік тарифтер бекітілді", делінген департаменттің хабарламасында.

Осындай төмендетулер барлық тұтынушы топтары үшін де жүргізілмек.

Аян Бекенұлы 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу