Қызылордадағы этноауылға 800-ге жуық турист келген

985

Қызылордадағы этноауылға 800-ге жуық турист келген

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында осыдан он күн бұрын Қармақшы ауданында ашылған этноауылға 800-ге жуық турист келген. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында ЭКСПО-2017 ресурстық орталығының директоры Жандос Тұсмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды e-kyzylorda.gov.kz.
Этноауылда 7 киіз үй бар. Оның әрқайсысында түрлі қолөнер бұйымдары қойылған. Атап айтқанда, киізден, былғарыдан, саздан, иірілген жіптен, ағаштан жасалған бұйымдар мен кілем мен зергерлік өнімдер қойылған. Бұл үйлерде келішулер үшін тегін шеберлік сабақтары өтеді.
Ауылда 11 қолөнерші жұмыс істеуде. Олардың барлығымен келісім-шарт жасалған, жалақы мәселесі шешілген. Сондай-ақ, мұнда 12 қызметкер еңбек етеді. Барлығы жатын орнымен және үш мезгіл тамақпен қамтылған. Тұсмағамбетовтің айтуынша, этноауыл ұйымдастырушылары еліміздегі туристік компаниялармен тығыз жұмыс істеуде. Соның нәтижесінде бүгінге дейін этноауылға еліміздің бірқатар аймақтарымен қатар Германия, Ирландия, Румыния, Франция, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 800-ге жуық турист келген. Көпшілік ауылдағы 16 қанатты хан киіз үйіне ерекше қызығады. Солардың бірі - голландиялық астронавт Андре Кейперс. Кейперс бастаған делегация үшінші шілдеде Байқоңыр кешені мен этноауылды тамашалайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу