Қызылордадан көп реттік экожөргек шығады

Бұл – облыстағы тың бизнестің бірі.  

Қызылордадан көп реттік экожөргек шығады Фото: Кәсіпкерден

Сәби 3 жасқа келгенше орта есеппен 4000-4500 бір реттік жөргек пайдаланады деген дерек бар.

Қызылордалық кәсіпкердің айтуынша, экоөнімнің қоршаған ортаны қорғауға пайдасы көп, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Кейіпкеріміз Айдана Исрайлованың мамандығы – автомат инженері. Ол "бұл кәсіпті бастау идеясы өзімнің қажеттілігімнен туындады" деп отыр. Әрі жас аналарға өз кеңесін де айта кетті. 

"Кәсіпті бастау, өндіру процесі қаншалықты қиынға соқты?" деген секілді сұрақтар көп қойылады. Жаялыққа түйме басу жағы және қажет материалдың қымбаттылығы болмаса, тігу өзіме еш қиындық тудырмады. Жөргектердің эскиздік жобасын өзіміз жасаймыз.
Жаңа туған сәбидің денсаулығы – жас ананың жауапкершілігінде. Неше түрлі химикатқа толы дүкеннің бір реттік жөргектеріне жол жоқ болу керек. "Жууға ерінемін" деп көп келіншек экоөнімімізден бас тартуы мүмкін. Бірақ сәбиінің денсаулығына нұқсан келтіріп жатқанын түсінбейді, - деді ол. 

Бүгінде 4 адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіп иесі алдағы уақытта бизнесін кеңейтуді көздейді. Ол мембағдарлама аясында 5 миллион теңге қайтарымсыз гранттың игілігін көрген. 

"Экоөнімнің пайдасы көп. Кәсібімді көпшілік қоршаған ортаға деген жанашырлығыммен, қамқорлығыммен байланыстырады. Иә, мен бірнеше рет пайдаланатын жөргектер шығару арқылы қоршаған ортаға өз пайдамды тигізгім келеді. Бір реттік жөргектер отқа жанбайды, суға батпайды, шірімейді де. Бұл табиғатқа орасан зиянын тигізеді", - деп жалғады сөзін кәсіпкер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу