Қызылордалықтарға дифференциалды төлем тиімсіз болып тұр

1075

Еліміздің экономикалық дамуы да, күнделікті тұрмыста энергия тұтынудың жаппай өсуі, сонымен қатар тұтынушылар тарапынан ысырапшылдықтың орын алуы энергияны үнемдеу мәселесіне мемлекеттік деңгейде ден қоюға алып келді.

Қызылордалықтарға дифференциалды төлем тиімсіз болып тұр

Электр энергиясының бағасы әзірге алдағы алты айда өспейді. Алайда жарық құнын өлшеу, төлеу кей тұрғындарға тиімсіз болуда. Өйткені Қызылорда өңірі тұрғындардың басым бөлігі төлем жүйесінің дифференциалды әдісін толық түсіне бермейді. Сол себепті жарыққа төленетін қаржы көлемі өскен кезде біршама түсініспеушіліктің болуы заңдылық.

Қызылорда қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Жанна Амангелді электр қуатының дифференциалды төлеміне разы емес. Айтуынша, жарық бағасының қазіргі өлшемі қарапайым тұрғындарға тиімсіз.

"Үш деңгейлі дифференциалды төлем жүйесін қайта қараған жөн. Өйткені қарапайым халықтың қалтасы көтере бермейді. Нарық заңына сай, тауарды көп алсаң құны да соншалықты төмендеуге тиіс емес па? Сол сияқты энергия төлемі де көп пайдаланған жағдайда арзанға түсуі керек емес па?", – дейді көпбалалы ана.

Дифференциалды төлем дегеніміз – пайдаланған электр энергиясына қарай өсімі көбейе беретін төлем жүйесі. Мәселен, Қызылорда облысында адам басына шаққанда электр энрегиясының көлемі 70 киловаттан аспаса 16,44 теңге, 70-150 кв аралығында пайдалаңсаңыз 21,04 теңге, ал 150 кв асса 26,31 теңгеден төлейсіз. Осылайша, көрсетілген межеден асса, артық төлеуге мәжбүр боласыз.

Бұл мәселеге облыстық табиғи монопияларды реттеу департаменті басшысының орынбасары Ғалым Тойлыбек бүй дейді.

"Үш деңгейлі сараланған тариф – бұл тұтынушыларды электр энергиясын үнемдеуге шақыратын тариф. Электр энергиясын аз жағатын болсаңыз, тұтынушы төмендетілген тарифте төлейді. Ал көп энергия жағатын болса, жоғарылатылған тарифте төлейсіз. Тұрғындарға дифференциалды төлем жүйесі тиімсіз болған жағдайда дәстүрлі төлем жүйесіне ауысуға болады. Ол жағдайда тұрғын әр киловатқа 17,54 теңге төлейді", – деді Ғалым Тойлыбек.

Мамандар төлемдер жүйесінің бұл түрі адам саны аз отбасыға тиімдірек болады деп отыр.

Нұрбек Дәуренбеков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу