Қызылша ауруынан 19 бала қайтыс болды

841

Екпе алмаған азаматтар ұжымдық иммунитетті әлсіретеді.  

Қызылша ауруынан 19 бала қайтыс болды

Сенаттың жалпы отырысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ата-аналар вакцинациялаудан бас тарту арқылы балаларының құқығын шектейтінін мәлімдеді. 

Министр екпе жасалмаған адамдар ұжымдық иммунитеттің әлсіреуіне және халық арасында жұқпалы аурулардың таралуына себепкер саналатынын айтты.  

Елжан Біртановтың баяндауынша, өткен жылы қызылша ауруымен ауырғандардың арасында 21 өлім тіркелген. Қайтыс болған 19 адам жас бала болған. 

"9 887 бала қызылшамен ауырды. Олардың 83,4% екпе жасалмаған балалар. Аталған норманы жұртшылықпен талқылау нәтижесінде профилактикалық екпелер міндетті және ерікті болып бөлінді. Міндетті профилактикалық егуге жоспарлы профилактикалық егу және эпидемиологиялық көрсетілім бойынша профилактикалық егу жатады. Жоспарлы вакцина алмаған балаларды мектепке дейінгі оқу мекемелеріне жіберу – ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейіне жеткен жағдайда ғана мүмкін болады", – деді Елжан Біртанов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу