"Қызылша өршіді": Мектептер мен ЖОО-лардағы эпидахуал қандай?

342

Елдегі барлық білім беру ұйымы жергілікті әкімдіктердің бақылауында. 

"Қызылша өршіді": Мектептер мен ЖОО-лардағы эпидахуал қандай? Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ғани Бейсембаевтың сөзінше, министрлік жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіп отыр. Ведомство басшысы ДСМ-нің қызылшаға байланысты оқу ордаларындағы шектеу шаралары бойынша шешім қабылдамағанын жеткізді.

Ал Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студенттер арасында ЖРВИ өршіп тұрғанын айтты. Бірақ оның айтуынша, қызылша ауруын жұқтырғандар саны аз.

"Бүгінгі таңда, еліміздегі жоғары оқу орындарының 8 мың студенті медициналық көмекке жүгінді. Олардың ішінде тек 200-300-і қызылша жұқтыруы мүмкін деген күдікке ілінген. Біз Денсаулық сақтау министрлігімен, Бас санитарлық дәрігермен тікелей байланыстамыз. Карантин енгізуге негіз жоқ. Біз жағдайды бақылап отырмыз", - деді Ғылым және жоғары білім министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу