banner

Қызылшаға қарсы екпе егу басталды

1605

Қосымша екпе жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен 790 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бұл сомаға шамамен 652 мың доза сатып алынды.

Қызылшаға қарсы екпе егу басталды

Бүгіннен бастап елімізде қызылшаға қарсы екпе егу басталады, деп хабарлайды Atameken Business.

Екпе 9 айға толған сәбилерден бастап 30 жасқа дейінгі және қызылшамен ауырмаған адамдарға салынатын болады. Сондай-ақ ауру жұқтыру тәуекелі жоғары медициналық қызметкерлерге де егіледі.

Қосымша екпе жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен 790 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бұл сомаға шамамен 652 мың доза сатып алынды.

"Халық үшін вакцинациялау тегін жүргізіледі. Екпе алу үшін тіркелген аумақтық емханаларға жүгіну қажет. Эпид көрсеткіш бойынша вакцинацияға жататын тәуекел тобының кеңеюіне байланысты кейінгі жоспарлы вакцинация үшін біз қосымша тағы 478 мың дозасын алуды жоспарлап отырмыз", – дейді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин.

Еске сала кетсек, биыл елімізде қызылша жұқтырғандар көбейді. 2019 жылғы 1 қаңтардан бері 4 мың 670 жағдай тіркелген. Оның ішінде 3 мыңнан астам факт 14 жасқа дейінгі балалар арасында байқалған. Яғни, бұл көрсеткіш науқастардың 71 пайызын құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу