Осы жылы еліміз бойынша қызылшаның 3 343 жағдайы тіркелді. Республиканың 9 өңірінде сыртқаттанушылықтың өскені байқалады. Бұл туралы ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"ДДҰ деректері бойынша 2025 жылы әлемде қызылшаның 247 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Халықтың екпемен аз қамтылуы аурудың өсуіне себеп болып отыр. Елімізде қызылшамен сырқаттанушылық 2024 жылмен салыстырғанда 2025 жылы 6,8 есеге төмендеді, алайда биыл жағдай толық тұрақтанған жоқ. Бір айдың динамикасында 2025 жылғы қарашадан бастап сырқаттанушылықтың өскені байқалады және ағымдағы жылғы қаңтар, ақпан айларында жалғасады. Сондай-ақ, стационарда ем алған адамдарда қызылшаның 208 жағдайының тіркелуі аурудың өсуіне әсер етті", – деді Сархат Бейсенова.
Осы жылы еліміз бойынша қызылшаның 3 343 жағдайы тіркелді. Республиканың 9 өңірінде: Астана қаласында, Алматы қаласында, Жамбыл, Атырау, Ұлытау, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе, Қостанай облыстарында аурудың өскені байқалады. Аурудың көптеген жағдайы 5 жасқа дейінгі балалар арасында (72%) тіркеледі, атап айтқанда, 1 жасқа дейінгі балалар – 24%, 1 жастағы балалар – 23%, 2-4 жастағы балалар – 26%.
Сырқаттанғандардың 78%-ы – екпе алмағандар. Науқастардың 56%-ы – екпеден бас тартқан адамдар, 14%-ы – медициналық себептермен кейінге қалдырған адамдар, 30%-ы – екпе жасына жетпеген балалар.