Қызылжарда қоныс аударғандарға арнайы жатақхана салынған

983

Қызылжарда қоныс аударғандарға арнайы жатақхана салынған

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысындағы күндері аясында, Тамара Дүйсенова өңір басшысы Құмар Ақсақаловпен бірге, Қызылжар ауданындағы Бәйтерек аулына барды. Онда Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан қоныс аударғандарға арнайы жатақхана салынған, деп хабарлайды министрліктің ресми сайты.

"Өткен жылы ішкі көшіп-қонушылар саны 610 мың адамнан асып түсіп, 2010 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге өскен. Осы орайда жұмыс берушілер ұсынған 26 мыңнан астам жұмыс орны бос қалды. Үкімет тарапы жеке іс ашуға немесе қолданыстағы бос жұмыс орындарына орналасуға мүмкіндік беретін сұранысқа ие мамандықтарға оқуға көмектесіп келеді.    Бұл ретте, биылғы 9лттық бірыңғай тестілеуден қажетті ұпай жинай алмаған түлектер, мемлекет есебінен 2,5 жыл бойы техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде тегін оқи алады. Студентке оқу ақысын төлеп беруден бөлек, ыстық тамақ, үлгеріміне қарай шәкіртақы, ал қала сыртынан қатынайтындарға жол мен тұру шығынын өтейтін қаржы қарастырылған. Демек өзге өңірлерге көшуге жол ашық", - деп атап өтті министр облыстың жаңа тұрғындарымен кездесуі барысында.

Халқы тығыз орналасқан облыстардан өз еркімен көшуге ниет білдіргендерге, мемлекеттік қолдау шаралары ретінде, көш шығындарын жабуға, баспана жалдау мен коммуналдық қызметтерді төлеуге субсидия беру көзделген. Сондай-ақ vинистрдің Қызылжар ауданына сапарынан тыс, халыққа әлеуметтік-еңбек саласындағы реформаларды түсіндіру бойынша бірқатар іс-шаралар, шалғай елдімекен тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді облыс орталығына сабылмай-ақ алуды қамтамасыз ететін "Е-Халық" жүйесін пайдалануға қатысты аудандар мен ауылдық округтер әкімдерімен кездесуі жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу