"Қызым жылда гүлімен келіп құттықтайтын еді": Салтанат Нүкенованың анасы туған күнінде аянышты жазба қалдырды

3712

Ол қызы тірі кезінде былтыр да туған күнімен құттықтай алмағанын, ал, биылғы туған күнінде өмірде жоқ екенін еске алып, жылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

"Қызым жылда гүлімен келіп құттықтайтын еді": Салтанат Нүкенованың анасы туған күнінде аянышты жазба қалдырды Фото: Instagram парақша

"Жылда қызым бір құшақ гүлімен келіп, туған күніммен құттықтайтын. Жыл сайын Астанадан ұлым мен қызым жетіп келіп, тосын сый жасайтын еді. Былтыр олай болмады, биыл да олай емес, енді ешқашан олай болмайды", - деп жазды анасы.

Дегенмен, желіде Жұмагүл Нүкенованы қолдау акциясы өтіп, Салтанатты таныған адамдар оның мекен-жайына гүл жіберіп, жылы тілектерін арнаған.

"Сіздердің мейірімдеріңіздің арқасында Салтанатымның жылуын сезінгендей болдым, көп рақмет", - деп жазды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу