Қазақстан мен Қытай шекарасында тағы бір теміржол өткелі ашылады

289

Жүк тасымалына арналған өткел Абай облысында ашылмақ.

Қазақстан мен Қытай шекарасында тағы бір теміржол өткелі ашылады Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Қазақстан мен Қытай арасында жүк тасымалына арналған үшінші теміржол өткелін салу жоспарланып отыр.

Бақты өткелі Абай облысының Үржар ауданы мен ШҰАА Тачэн округінің Тачэн қаласын байланыстырады. Өткелдің Қытай жағындағы атауы – Покиту. 

Көлік министрлігінің түсіндіруінше, бұл мемлекет басшысының тапсырмасы және "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында қолға алынған жоба. 

Жаңа теміржол өткелі тәулік бойы жұмыс істейді және халықаралық жүк тасымалын жеңілдетеді. 

Қазіргі таңда Қазақстан мен Қытай арасында екі теміржол өткізу пункті (Достық және Алтынкөл) мен бес автомобиль өткізу пункті жұмыс істейді. Олар: Қорғас, Қалжат, Достық, Бақты, Майқапшағай. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан мен Қытай арасында бүгіннен бастап визасыз режим орнатылғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу