Lada Қостанайда құрастырыла бастады

901

Алдымен Lada Niva Travel моделі шығарылады.

Lada Қостанайда құрастырыла бастады

Автосалондарда елімізде құрастырылған Lada модельдері қайта пайда болады. 26 наурызда АВТОВАЗ бен Қостанайдағы зауыт арасындағы серіктестік басталды. Біріншіден Lada Niva Travel моделін құрастыру қолға алынды (Chevrolet Niva жол талғамайтын көлігінің жаңарған түрі), деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Көп өтпей зауытта Lada-ның басқа модельдері де шығарыла бастайды. 

"АВТОВАЗ" АҚ президенті Ив Каракатзанис премьер-министр Асқар Маминмен ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, дәнекерлеу және шанақты бояуды қамтитын CKD-өндірісін ұйымдастыру және елдегі LADA дилерлік желісін трансформациялау туралы сөз болды.

Айта кетейік, LADA дилерлік желісі өзгереді. Бұрын Lada тек "Бипэк Авто" дилерлік дүкендерінде сатылатын. Енді бірнеше жеке дилер ресейлік брендтің машиналарын сатуға дайындалып жатыр.

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу