Lada-ның биылғы көліктерінің 1,8 мыңнан астамынан ақау шықты

1202

Lada-ның биылғы көліктерінің 1,8 мыңнан астамынан ақау шықты

Ресейдегі федералды техникалық реттеу және метрология агенттігі биыл шығрылған Lada-ның моделінде қателіктер кеткендігін мәлімдеді, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Агенттіктің ақпаратына сенсек, 2018 жылдың сәуірі мен желтоқсан айларының аралығында құрастырылған Kalina, Granta, Priora модельдерінде қауіпсіздік жастығы (эйрбэг) дұрыс орнатылмаған. Жалпы саны 1 800-ден астам көлікте осындай олқылық бар екендігі мәлім болды.

Компания қазіргі уақытта олқылықты реттеп жатыр. Егер көлігіңіздегі қауіпсіздік жастығының дұрыс қойылмағанына көзіңіз жетсе, көлікті алған жеріңіз тегін жөндеп береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу