Лаңкес Наурыз мейрамында жарылыс жасады

781

Лаңкес Наурыз мейрамында жарылыс жасады

Кабулда лаңкес Наурыз мейрамын тойлап жатқан жұртшылық арасында өзін-өзі жарып жіберді, деп хабарлайды КТК.

Жарылыс салдарынан 29 адам көз жұмып, 52 адам жарақаттанды.

Теракт Али Абад ауданында, Кабул университетінің кіреберісінің алдында болған.

"Лаңкес Наурыз мейрамын атап өту үшін шиіттер мешітіне бара жатқан адамдар арасында өзін-өзі жарып жіберген", – дейді Ауғанстан ІІД өкілі Нусра Рахими.

Хабарланғандай, әзірге елдегі лаңкестік ұйымдардың ешбірі жарылысқа қатысты жауапкершілікті мойындарына алмай отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу