Латвия фермерлері қатты аяздарға алаңдаулы

1166

Латвия фермерлері қатты аяздарға алаңдаулы

Латвияда өткен аптада тұрып алған қатты аяздар күздік дақылдарға кесірін тигізбей қоймайды, деді бүгін Латвияның жергілікті телеарнасына берген сұхбатында "Крестьянский сейм" қоғамының басқарма төрағасы Янис Лаздиньш.

"Өткен аптада соққан қарлы боранның, әрине, кесірі болады", – деген Лаздиньш оның залалын тек көктемде бағалауға болатынын тілге тиек етті.
"Крестьянский сейм" басшысының айтуынша, қардың қалыңдығы біркелкі емес. Қатты жел алқаптардағы қарды ұшырып әкеткен, сондықтан кей жерлерде оның қалыңдығы 2-3 сантиметрден аспайды. Егер аяз -30 градусқа дейін төмендейтін болса, ештеңені құтқарып қалмайды.

Айта кетейік, "Крестьянский сейм" қоғамы жалпы Латвия бойынша 500 мың гектар жерге иелік ететін 900 шаруашылықтың басын біріктіреді. Оларда 4 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу