Латвияда Холокост құрбандарына өтемақы төлеу туралы заң қабылданды

957

10 жыл бойы Холокост кезінде зардап шеккендерге 40 миллион еуро көлемінде өтемақы төленеді. 

Латвияда Холокост құрбандарына өтемақы төлеу туралы заң қабылданды

Латвия парламенті Холокост құрбандарын реституттау, яғни еврей қауымдастығының жоғалған мүлкі үшін өтемақы төлеу туралы заң қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Елдегі еввейлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Аркадий Сухаренко бұл қадамға "тарихи бастама" деген баға беріп, Холокосттың аяқталғанына 77 жыл болса да, әділдік орнатуға ешқашан кеш емес екенін айтты. 

Заң жобасы бойынша 10 жыл бойы Холокост кезінде зардап шеккендерге 40 миллион еуро көлемінде өтемақы төленеді. Сонымен қатар еврей мектептері қаржыландырылып, мәдени нысандар салынады. 

Ескере кететін жайт, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Латвияны Кеңес Одағы мен нацистік Германия басып алған еді. Осы кезеңде елдегі 95 мың еврейдің шамамен 90%-ы қаза тапқан болатын. Жаңа заңда Латвия ол уақытта нацистік Германияның қарамағында болғандықтан Холокост үшін кінәлі еместігі жазылған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу