Латвияның бұрынғы министрі 8 жасар астаналық шахматшыдан ұтылып қалды

513

Алматыда блиц пен рапидтен өткен әлем чемпионатында гроссмейстер Дана Рейзниеце-Озолды астаналық 8 жасар шахматшы жеңіп кетті, деп жазады inbusiness.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Латвияның бұрынғы министрі 8 жасар астаналық шахматшыдан ұтылып қалды Фото: gov.kz

Дана Рейзниеце-Озол Латвияның экс-экономика министрі және қаржы министрі, ал қазір FIDE басқарушы директоры. Ол Алматы және Астана  шахмат академияларының 24 оқушысымен бір мезгілде ойын сеансын өткізді. Солардың арасында  Азия чемпионатының қазіргі күміс жүлдегері 8 жасқа дейін гроссмейстер Кәрім Айтжан ұзағырақ қарсыласып, ақыр соңында жеңіп кеткен.

 "Шахматта ойнау өзіме қатты ұнайды. Қарсыласымды жеңу қолымнан келді, өйткені ол бастапқыда-ақ фигурасын беріп қойған еді. Осыдан кейін ұзағырақ ойланып, әрбір қимылымды санап бастым. Әрине, оның шабуылына қарсы тұра аламын ба деп уайымдағаным рас. Бірақ қарсы тұра біліп, эндшпильге көштім. Өзімде екі пешка аз болса да қарсыласымның пешкасын, артынша пілін жеңіп алдым. Сол кезде барып жеңілгеннен басқа амалы қалмағанын білді. Өзімнің жеңісіме сондай қуаныштымын", - деп Кәрім Айтжан.

Кәрім Астанада дүниеге келген. Қазір ол Қ. Сәтбаев атындағы BINOM мектебінің 3-сыныбында оқиды. Мұғалімдерінің айтуынша, оқуда озат, жылдам ойлап, тез байқай біледі және есте сақтау қабілеті де ерекше.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу