Латын әліпбиіне ауысқан кезде домен өзгере ме?

1084

ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің сарапшысы Айдана Алтаева латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіне толық көшкен жағдайда доменді өзгерту мәселесіне қай министрлік жауап беретін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Латын әліпбиіне ауысқан кезде домен өзгере ме?

Оның айтуынша, латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіне ауысу мәселесі бойынша халықаралық ICANN ұйымымен келіссөздер жүргізілген.

"Нәтижесінде ".қаз" және ".qz" домен атаулары Қазақстанда тіркелді", - дейді сарапшы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар Айдана Алтаева доменді өзгерту мәселесі алдағы уақытта талқыға салынатынын атап өтті.

"Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіне толық ауысқан жағдайда бұл мәселені яғни ресми процедураларды уәкілетті орган Қазақстанның сауда және интреграция министрлігі жүргізеді", - деп түйіндеді сөзін ол.

Айта кетейік, Қазақстан 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуді жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу