Лавров Байденді құттықтауға негізі жоқ екенін айтты

934

Ол жеңіске кімнің жеткені ресми түрде анықталғанша күту керектігін айтты 

Лавров Байденді құттықтауға негізі жоқ екенін айтты

Құрама Штаттардағы сайлау қорытындысы ресми түрде жарияланбайынша, Мәскеу жаңа президентке құттықтауын жолдамайды. Ресейдің  Сыртқы істер министрі Сергей Лавров осындай мәлімдеме жасады. 

"Құттықтауларға келер болсақ, бұған соншалық көңіл бөлініп жатқанына таңғаламын. Әдетте сайлаудың қорытындысы ресми түрде жарияланғаннан кейін құттықтаудың реті келетін еді. АҚШ-та саяси тартыстың нәтижесі ресми түрде жарияланған жоқ", –деді Лавров. 

Ол жеңіске кімнің жеткені ресми түрде анықталғанша күту керектігін айтты. 

"Осы күнге дейін құттықтау айтқандардың барлығы  CNN, ABC және бірқатар жетекші америкалық басылымдарының есебін негізге алған. Егер де біреулер мемлекеттік құттықтауларды осындай есептерді негізге ала отырып жіберсе, біз бұған ешнәрсе дей алмаймыз. Ресей сайлау қорытындысының ресми түрде жариялануын күтеді", – деп басып айтты Ресей министрі.

Еске сала кетсек, Құрама Штаттарда 3 қараша күні президенттік сайлау өткен еді. Бірнеше штатта сайлау қорытындысы әлі жарияланбады. Трамп саяси додада өзінің жеңіске жеткенін айтып, демократтарды дауыстарды ұрлады деп айыптады. Оның штабы енді дауыстарды қайта санауды талап етпек. 

Бірқатар америкалық басылымдардың (CNN, AP) алдын ала есебі бойынша, сайлауда Байден басым түскен. Оны Путинмен қатар Қытай басшысы Си Цзиньпин, Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған әлі құттықтамады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу