Ләззат Қалтаева БҰҰ Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетінің мүшесі болып сайланды

128

Оның кандидатурасын 157 мемлекет қолдады.  

Ләззат Қалтаева БҰҰ Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетінің мүшесі болып сайланды Фото: instagram.com / kazmission

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға (CRPD) қатысушы мемлекеттер конференциясының 19-сессиясы аясында БҰҰ Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетінің 9 жаңа мүшесін сайлау рәсімі өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының үміткері Ләззат Қалтаева 157 мемлекеттің қолдауымен ең үздік көрсеткішке ие болып, 2027-2030 жылдарға арналған мерзімге Комитет мүшесі болып сайланды.

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға (CRPD) қатысушы мемлекеттер конференциясының 19-сессиясы аясында өткен сайлауда ол 157 мемлекеттің қолдауына ие болып, барлық кандидаттардың ішінде ең жоғары нәтиже көрсетті.

Қазақстан өкілімен бірге комитет құрамына Армения, Бенин, Иордания, Қытай, Литва, Палау, Самоа және Эфиопия мемлекеттерінің кандидаттары да сайланды.

Ләззат Қалтаева − инклюзияны дамыту және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстандағы ең танымал қоғам қайраткерлерінің бірі. 2024 жылғы қазаннан бастап ол Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі және Сенат жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің төрайымы қызметін атқарады. Бұған дейін Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты әрі Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі болған.

Ләззат Қалтаева жиырма жылдан астам уақыт бойы Мүгедектігі бар әйелдердің "Шырақ" қауымдастығы қоғамдық бірлестігін басқарған. Сонымен қатар, ол Алматы қаласының мүгедектер ұйымдары қауымдастығының төрайымы. Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрамына кіреді.

БҰҰ-ның Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитеті − мемлекеттердің Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция талаптарын орындауын бақылайтын тәуелсіз сарапшылық орган. Комитет халықаралық деңгейде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын ілгерілетуге және қорғауға ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу